15:50, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қазақстандық студенттер SIFE Бүкіләлемдік кубогына қатысады
АЛМАТЫ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық студенттер қазанның 3-5-і күндері Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтетін студенттік ұйымдардың SIFE Бүкіләлемдік кубогына қатысады.

Онда ел намысын Қазақстанның ұлттық чемпионатының 3 дүркін чемпионы атанған Алматыдағы Халықаралық бизнес университтінің командасы қорғамақ. Олар бұл дүбірлі додада өздерінің "Барлық қолдың шеберлері", "Green", "Kids", "E-Future", "Economic Opportunity"деген сияқты ең сәтті жобаларын ұсынғалы отыр.
SIFE («Students in free enterprise» - Студенттер еркін кәсіпкерлікте) коммерциялық емес халықаралық ұйымы 1975 жылы АҚШ-та құрылған болатын. Бизнес көшбасшылары мен жоғары оқу орындарымен жұмыс жасайтын бұл ұйым студенттерді өз елдеріндегі экономикалық ахуалды өзгертуге жұмылдыруға бағытталған.