Қазақстандық студенттердің жоғары әлеуеті бізді қуантады - ҚФУ өкілі

None
None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Татарстанға сапары екі республика арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін көрсетеді, дейді Қазан федералдық университеті физика институтының білім беру қызметі жөніндегі директоры Олег Недопекин.

«Қазақстан Президентінің Татарстанға сапары екі республика арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің университетке ат басын бұрғаны ерекше қуантады», - дейді ҚФУ өкілі.

Н. Назарбаев пен Р. Минниханов тілге тиек еткен білім саласындағы ынтымақтастық туралы айта келе, О. Недопекин қазақстандық студенттердің жоғары даярлық деңгейін атап көрсетті.
null

«Республикалар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды қалаймыз. Өйткені қазақстандық студенттердің әлеуетінің жоғары екендігі бізді қуантады. Алдағы уақытта Қазақстан жоғары оқу орындарымен ықпалдастық жоғары деңгейге жетеді деген үміттеміз», - деді ол.

null

Соңғы жаңалықтар