Қазақстандық су добы шеберлері Әлемдік лига турларына қатысады

Бұл жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Сергей Дроздов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Оған Австралия, Жапония, Жаңа Зеландия, Қазақстан және Қытай құрамалары қатысады. Австралияның Сидней қаласында болатын 2-турдың қорытындысы бойынша үздік 2 команда Әлемдік лиганың супер-финалына шығады. Алдымыздағы басты мақсатымыз - халықаралық кездесулерден тәжірибе жинап, Лондон Олимпиадасының жолдамасын иелену», - дейді С. Дроздов. Одан кейін қазақстандықтар 16 шілде мен 2 тамыз аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтетін Әлем чемпионатында бақ сынамақ. Онда Сергей Дроздовтың тәлімгерлері Венгрия, Черногория және Испания құрамаларымен бір топта сынға түспек. Онда өз тобында алғашқы үштікке енгендер негізгі сында 1-12 орынға, ал 4-орын алғандар 13-16 орынға таласады. Бұл дүбірлі додадан кейін 2012 жылдың қаңтарында Жапонияның Токио қаласында Азия чемпионаты өтеді деп жоспарлануда. Жалпы соңғы Әлем чемпионатында қазақстандық су добы шеберлері 16-орын алса, Азия ойындарында жеңімпаз атанған еді.