Қазақстандық судьялар зейнеткерлікке шыққан кезде 200 мың теңге алуы мүмкін
ҚАРАҒАНДЫ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы соты (ЖС) судьяларды зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсарту үшін бар күшін салуда, бұл мәселе республикалық комиссия деңгейінде талқыланып жатыр, деп хабарлады ҚР ЖС Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов.
Оның айтуына қарағанда, жаңа жүйе ұсынылмақ.
«Егер зейнеткерлік жасқа жеткен судья отставкаға кеткен жағдайда, бірден соңғы жұмыс орнындағы жалақысының 50 пайызын алады. Егер 15 және одан көп өтілі болса, әр жылда 1 пайыз үстінен қосылып отырады, нәтижесінде жалақысының 65 пайызынан артық емес соманы алады. Біздің жүргізіп жатқан жұмысымыз осы. Бұл сот жүйесінде өтілі көп, зейнеткерлік жасқа жеткен судьяларда ең көп дегенде шамамен 220 мың теңге болады», - деп түсіндірді ЖС департаментінің басшысы.
Бүгінде Қазақстанда 2400 судья бар. 2014 жылы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес республика бойынша 450 судьямен толығады.