Қазақстандық суретшілердің жұмыстары Омбыдағы халықаралық көрмеге қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қарашадан бастап Ресей Федерациясындағы Мәдениет жылы аясында Омбы қаласында ЕврАзия-Арт: великие реки искусства» тақырыбымен халықаралық көрме ашылды.

Қазақстандық суретшілердің жұмыстары Омбыдағы халықаралық көрмеге қойылды

Көрмеге ШЫҰ мүше мемлекеттердің (Ресей, Қытай, Қазақстан) 122 суретшісінің 700-ден астам туындылары қойылған. Қазақстандық суретшілердің ішінде Шуранов Өсербай, Қаржасов Қабдығалым, Игембаев Әнуар, Поликарпов Виктор, Мұхтар Бекенов, Сембіғали Смағұлов, т.б. туындылары қойылды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, көркемсурет академиясының академигі, Павлодар облысы бойынша Суретшілер одағының төрағасы Шуранов Өсербай Аманжолұлының айтуынша, көрме жоғары дәрежеде өтуде.

Омбылықтар бұл көрмені 1-15 қараша аралығында тамашалай алады.