Қазақстандық таеквондошы Азия кубогының жеңімпазы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда өтіп жатқан таеквондодан Азияның ашық кубогының алғашқы күні қазақстандық спортшылар бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық таеквондошы Азия кубогының жеңімпазы болды

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлауынша, рейтингілік турнирге 15 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан спортшылары 87 келі салмақта бір «алтын» жеңіп алды. Оны ел атынан сынға түскен Үмбет Шакиев қанжығасына байлады.

Жалпы, жарыстың алғашқы күні ерлерден 3, әйелдерден 2 салмақ дәрежесіндегі мықтылар анықтады.

Алғашқы күні жеңіс тұғырынан мына спортшылар көрінді.

Ерлер:

54 келі

1. Абдуллаев Бахром (Өзбекстан)

2. Бейсембай Әлішер (Қазақстан)

3. Темірхан Самат (Қазақстан)

3. Данбаев Ж. (Өзбекстан)

58 келі

1. Тураев А. (Өзбекстан)

2 . Бобабеков Ш. (Өзбекстан)

3. Назаров Мұрат (Қазақстан)

3. Әбдірашев Сапарғали (Қазақстан)

87 келі

1. Шакиев Үмбет (Қазақстан)

2. Әбдіқұлов Арыстанбек (Қазақстан)

3. Маруфов М. (Өзбекстан)

3. Негматов Ф. (Тәжікстан)

Әйелдер:

46 келі

1. Камчибекова Н. (Өзбекстан)

2. Рахимова М. (Өзбекстан)

3. Еділбаева Айдана (Қазақстан)

3. Маханова Ұлжан (Қазақстан)

49 келі

1.  Манапова М.  (Өзбекстан)

2. Батыр Айнагүл (Қазақстан)

3. Қайыржанқызы Таңшолпан (Қазақстан)

3. Мамасобирова Ш.(Өзбекстан)