Қазақстандық таеквондошы Ерасыл Қайырбек Қытайда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медальға ие болды

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық таеквондошы Ерасыл Қайырбек 53 келі салмақ санатында Қытайда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ Азия ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлады ҚР күрес федерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық таеквондошы Ерасыл Қайырбек Қытайда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медальға ие болды

Біздің отандасымыз ширек финалда Вьетнам палуаны Нджок Туан Транды 17;13, 0:2 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін жартылай финалда филиппиндік Франциссарон Агоджоға 7:9, 1:0 есебімен жол берді, дегенмен кешенді сайыстарда қола жүлдегер атанды.

Ертең даянгке 55 келі салмақтағы Фариза Алдоңғарова шығады.

Қайырбек пен Алдоңғарова - Азия чемпионатында Азия ойындарына қатысу лицензиясын ұтып алған таеквондошыларымыз.