Қазақстандық таеквондошы Кореяда өткен турнирде жүлдегер атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Батысқазақстандық таеквондошы Лиана Кушкеева Кореяның Чунчон қаласында өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстандық таеквондошы Кореяда өткен турнирде жүлдегер атанды

Оның жаттықтырушысы Арслан Ордабаевтың айтуынша, G2 рейтингілік жарыс болып есептелетін Корея опен турнирінде Лиана 52 кг салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл жуырда 14 жасқа толған, спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының шәкірті Лиана Кушкееваның кезекті табысы деуге болады. Биыл Орал қаласында олимпиадалық ойын түріне жататын таеквондодан (WTF) кадеттер арасындағы ел біріншілігінде топ жарған Лиана одан кейін Мәскеуде «Патриот 2017» бүкілресейлік турнирінде қола жүлдеге ие болды. Сосын өткен маусым айында Вьетнамның Хошимин қаласында таеквондодан (WTF) өткен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан болатын. 

1

2

3

4