Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров Азиаданың қола медалін жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров 2018 жылғы Азия ойындарында қола медальді еншіледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстанның ҰОК-ға сілтеме жасап.
Отандасымыз 80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жартылай финал ойындарында ирандық спортшыдан 7:11 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен, Жапаров медальсіз қалмады. Спорттың аталмыш түрінің ережелеріне сәйкес, жартылай финалда жеңілген таэквондошы қола медальға ие болады.
Руслан Жапаровтың жетістігі Қазақстанның құрамасының активіне сегізінші медаль алып келді.