Қазақстандық таеквондошылар «Азия балалары» турнирінде 4 медаль жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық таеквондошылар Владивостоктағы «Азия балалары» турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
None
None

Жарыстың екінші күнінде 73 кг салмақтағы Елнұр Мұратхан командаға қола жүлде сыйлады. Бұл командамыз үшін турнирдегі төртінші медаль.

Алдымен 63 кг салмақта Дария Манасқызы чемпион атанса, Абдулла Әбілқасым (63 кг) мен Аяжан Сапархан (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы сапында алты таеквондошы өнер көрсетті.

Төрт жылда бір өтетін «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарында 1355 өрен 19 спорт түрінен 273 медаль жиынтығын сарапқа салуда.



Фото; kaztkd.kz




Соңғы жаңалықтар