Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық таеквондошылар Азия чемпионатында 7 медаль олжалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық таеквондошылар Азия чемпионатында 7 медаль олжалады

Екінші жарыс күнінде қазақстандықтар екі күміс және бес қола еншіледі.

Айдана Сүндетбай мен Тамир Қуатова финалда есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Мария Севостьянова, Назым Махмұтова, Темірлан Тілеулес, Бекарыс Бекенов және Тұрсын Ислам үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді.