Қазақстандық таеквондошылар Фуджейрада 6 алтын еншіледі

АСТАНА.ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан өткен G1 санатындағы рейтингілік турнирде қазақстандық спортшылар 6 алтын, 5 күміс, 8 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәлімет көздеріне сүйенсек, аталмыш дода 1-3 ақпан аралығында өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Ерлер:

58 келі: Әділет Базарбаев, Әбдіраш Сапарғали - 3 орын;

63 келі: Қазбекұлы Бақтияр - 1 орын, Арман Серікұлы - 2 орын;

68 келі: Нұрсұлтан Мамаев - 1 орын;

74 келі: Қайрат Сарымсақов - 2 орын, Нұрқанат Қожахмет - 3 орын

80 келі: Рахым Әділханов - 1 орын, Нұрлан Мырзабаев - 3 орын

87 келі: Смайыл Дүйсебай - 1 орын, Нартай Оразбаев - 3 орын

+87 келі; Руслан Жапаров - 2 орын

Қыздар:

46 келі: Хасанам Ачилова - 2 орын, Айнұр Уашбай - 3 орын

49 келі: Айнагүл Батыр - 3 орын

53 келі: Айнұр Есбергенова - 3 орын

62 келі: Фатима Жақсыбаева - 3 орын

62 кг салмақ дәрежесінде:

73 келі: Дениз Жансель - 1 орын

+ 73 келі: Ақсәуле Тікебаева - 1 орын, Мереке Жүнісова - 2 орын

Соңғы жаңалықтар