Қазақстандық талапкерлер ЖОО-ға онлайн тәсілі арқылы түсе алады

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық талапкерлерге еліміздің 18 университеттерінің біріне онлайн-тәсілмен түсудің мүмкіндігі пайда болды. Электрондық үкіметтің www.egov.kz. порталында «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» жаңа қызметі ашылды. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстандық талапкерлер ЖОО-ға онлайн тәсілі арқылы түсе алады

Қызмет тегін (білім гранты болған жағдайда) және ақылы негізде ЖОО-ға түсетін талапкерлер үшін қолжетімді. Пилоттық жобаның аясында өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-ның тізімімен порталда танысуға болады.

Электрондық формат ЖОО түсу үшін құжаттарды жинау мен жөнелту үдерісін жеңілдетеді: барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік деректер қорынан автоматты түрде алынады.

Бұл үшін электрондық өтінішті толтырып, www.egov.kz , порталына тіркелу және білімі («Е-learning» электрондық оқытудың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда) туралы құжаттардың сканерленген көшірмесін тіркеу қажет. Өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

Білім гранты бойынша өтінім берілген жағдайда, ЖОО түсу туралы хабарлама өтінім берушінің порталдағы жеке кабинетіне үш жұмыс күні ішінде түседі.

Егер талапкер ақылы негізде түсетін болса, онда үш жұмыс күні ішінде өтінім берушіге мерзімі мен оқу ақысының сомасы көрсетілген төлемді жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама түседі.

Көрсетілген уақытта талапкер құжаттардың түпнұсқаларымен ЖОО-ға келуі және төлемді жүргізуі тиіс, әйтпесе өтініштен бас тартылады, ал пайдаланушы өтінішті қабылдаудан бас тартуды алады.

Ұшқыштарды дайындау үшін ЖОО, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдарға немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтардың ЖОО түсуге құжаттарды қабылдау тікелей білім беру ұйымдарымен жүргізіледі.

Екінші жоғары білім алуға түсу үшін құжаттарды қабылдау тікелей білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады.

Құжаттарды онлайн қабылдау және ЖОО түсу қызметі туралы 1414 нөмірі бойынша тәулік бойы Бірыңғай байланыс орталығының мамандарынан толық ақпарат алуға болады.

Қазақстан бойынша кез келген ұялы немесе қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін.