Қазақстандық танкішілер Мәскеудегі халықаралық жарыстан екінші орынмен оралуда
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін, 18 тамыз күні Мәскеуден Алматыға танкі биатлоны бойынша халықаралық жарыста екінші орынды иеленген танкі бөлімшесі оралады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танкішілері мұндай жауынгерлік жарыстарға алғаш рет қатысты.
Олармен бірге елімізге қазақстандық танкішілерге қолдау білдіру үшін «Алабино» ресейлік полигонына арнайы аттанған ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, генерал-майор Әмір Халықов та оралуда.