Қазақстандық танкистер «Танк биатлоны» сайысына дайындықты бастады
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ж еребе нәтижесінде Қазақстан командасы сары түске боялған төрт танкіге ие болған. Конкурс ұйымдастырушылары - ресейлік тараптан ұсынылған техниканы техникалық қамтамасыз ету тобы офицерлерінің басшылығымен эпипаждар қабылдады.
Қабылдау барысында танкілердің техникалық жағдайы, жауынгерлік машинаның бөліктері және механизмдерінің жарамдылығы мен қабілеттілігі тексерілді. Сонымен қатар танктердің техникалық қамтамасыз етілуі және пайдалану алдындағы дайындыққа назар аударылды.
Қазақстандық әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың жағдайы қанағаттанарлық екендігін және «Танк биатлоны» сайысы аясындағы барлық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жарыс басталмас бұрын қазақстандық танкішілерге қару-жарақтың дайындығы мен дәлдігін дұрыстап, танк биатлоны трассасының бағытын мұқият зерделеу қажет.
Еске сала кетейік, Армия халықаралық ойындары-2020 аясында өткізілетін «Танк биатлоны» халықаралық жарысы 23 тамыз - 5 қыркүйек аралығында «Алабино» полигонында өтеді. Қазақстандық команда алғашқы жеке жарысын 25 тамыз күні бастап, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан танкішілерімен бірге бір топта өнер көрсетеді.
Жалпы сайысқа 16 елдің танк экипаждары қатысады.