Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Астанада қолтаңба-сессиясын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанлдық мәнерлеп сырғанаушы Денис тен журналистермен және жанкүйерлерімен кездеседі.
None
None

2015 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 12:00-де «ASTANA MALL» ойын-сауық кешенінде еліміздің атақты спорт жұлдызы Денис Теннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Сонымен қатар спортшымен бірге фото және қолтаңба-сессияларын өткізу жоспарланған. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі хаьарлады.

Денис Тен - жекелей дәрежеде конькимен мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпинатының күміс жүлдегері, 2015 жылдың төрт құрлықтың чемпионы, 7-ші Азия ойындарының чемпионы, ISU ұранымен өткізілген көптеген халықаралық сайыстардың жеңімпазы, Қазақстан Республикасының үш мәрте чемпионы. Бас демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылатын «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының мүшесі.

Спортшы биылғы жылды да табысты аяқтады. Қараша айында Германияда өткен NRW Trophy турнирінде екінші орын алса, желтоқсан айының басында Хорватиядағы Golden Spin турнирінің бас жүлдесін иеленді.

Баспасөз мәслихаты барысында Денис Тен 2015 жылдың қорытындысын шығарып, болашақ жоспарларымен бөліспек ойда.

Соңғы жаңалықтар