Қазақстандық танымал спортшы С.Нұрғалиев Полицейлер мен өрт сөндірушілердің ХІІІ дүниежүзілік олимпиадасына қатысады

АСТАНА.   Шілденің  27-сі.  ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ -   Шілденің 31-і   тамыздың 10-ы  аралығында  Канаданың Ванкувер   қаласында Полицейлер  мен  өрт сөндірушілердің  ХІІІ  дүниежүзілік  олимпадасы  өтеді. 

Қазақстандық танымал спортшы  С.Нұрғалиев Полицейлер  мен өрт сөндірушілердің ХІІІ   дүниежүзілік  олимпиадасына  қатысады

Сол  жарыстарға қатысу   үшін жексенбі күні Астана  әуежайынан   қазақстандық танымал спортшы   Серік   Нұрғалиев ұшып шықты.

ҚазАқпарат  тілшісіне  сұхбат берген  С.Нұрғалиев,     алдағы жарыстарға    әлемнің 70 елінен  12 мыңдай спортшы  қатысатынын    хабарлады. Серік      олимпиадада   67,5 килә салмақ санатында спорттың  үш түрі бойынша -  бенчпресс, армреслинг және пушпуллифтинг - өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала  кетейік,     Серік Нұрғалиев   Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген спорт  шебері, КСРО  спорт шебері,  Ішкі істер министрлігінде  қызмет  етеді.  10 шақты рет әлем  чемпионы  болған,   26   наградаға ие,  оның  23-і -   алтын медаль.