Қазақстандық тәртіп сақшылары өткен аптада халықаралық іздеуде жүрген екі азаматты ұстады
ТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстандық тәртіп сақшылары өткен аптада Интерполдың іздеуінде жүрген екі азаматты ұстады.
Бұл мәліметтерді бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз жария етті.
Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық тәртіп сақшылары Қазақстан-Қырғызстан шекарасының «Қордай» бақылау-өткізу тірегінде 1963 жылы туылған Қырғызстанның азаматы Асықпай Боранбаевты қолға түсірді. Аталмыш азаматты Қырғызстан Интерполы кісі зорлау әрекеті бойынша іздестіріп жүрген. «Қазіргі таңда ұсталған азамат Жамбыл облысының «Қордай» ауданындағы уақытша оқшаулау абақтысына жабылып, оны өз еліне экстрадициялау мәселесі шешілуде», - деді ресми өкіл.
Сондай-ақ оның мәліметтерінше, Жамбыл облысының тәртіп сақшылары Ресейдің Челябі қаласында арнайы жүргізілген операция барысында Тараз қаласының 39 жастағы тұрғынына қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 18 жасар Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда оны елімізге экстрадициялау мәселесі қаралуда.