Қазақстандық тасымалдаушылар шетелдік мемлекеттердің аумағы арқылы жүруге рұқсатты egov.kz порталынан алу мүмкіндігі бар

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану ережесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін ҚР Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 5 шілдеде өз күшіне енеді.
None
None

«Тасымалдаушылар рұқсат алуға өтінішті электрондық үкіметтің порталы арқылы бере алады. Бұдан әрі жүйе тасымалдаушының атына жазылған көлік құралдарының санын есептеп, оған қанша рұқсат құжатын беру қажет екенін автоматты түрде анықтайды. Ал инспекторлар құжатты толтырып, оны ХҚКО жібереді. Тасымалдаушылар рұқсат құжаттарын ХҚКО-нан алады», - делінген ҚР ККМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Аталған жүйен автоматтандыру, атап айтқанда берілетін құжат санын есептеу формуласын қолдану рұқсат құжатын тиісті мөлшерден артық беру мүмкіндігін болдырмайды.

Заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар Қазақстандық тасымалдаушылардың шетелдік мемлекеттердің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат құжатын беру үдерісін автоматтандырумен қатар, осы құжатты алуға берілген өтініш уақытын қарау мерзімін екі күнге дейін қысқартады.

Қаулы өз күшіне енгенге дейін рұқсат құжаттарын беру бланкілерін бөлудің автоматтандырылған жүйесі пилоттық тәртіпте іске қосылған болатын.

2013 жылдың басынан бері аталған автоматтандырылған жүйе арқылы 24 мыңнан астам шетелдік рұқсат құжаттары берілген болатын, оның 13 мыңы Қытай мемлекетіне баруға берілген.

Соңғы жаңалықтар