Қазақстандық тауар Кедендік одақ нарығына шықсын десек, үкіметке бизнес қауымдастығымен бірігу керек - Ж.Айтжанова

әуірдің 20-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Кедендік одақтың нормативті-құқықтық базасын дайындауда ұлттық экономиканың мүддесіне сай жұмыс істеу керек», деді бүгін Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова.

Қазақстандық тауар Кедендік одақ нарығына шықсын десек, үкіметке бизнес қауымдастығымен бірігу керек  - Ж.Айтжанова

Бұл туралы ол бүгін биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің сөзіне қарағанда, осы уақытта алыс шет мемлекеттерден келетін тауарларға қарасты одаққа мүше үш мемлекет тарапынан бірыңғай сауда саясаты жүргізіліп отыр. «Ендігі кезекте біз өзара сауданы тереңдетеміз. Нақтырақ айтқанда, 2010 жылдың шілде айының 1-інен бастап, Кедендік одақтың Кеден кодексі күшіне енеді. «Осыған байланысты қазақстандық тауарлардың Кедендік одақ нарығына шығуы үшін және шикізаттан тыс өнеркәсіп салаларына инвестиция тарту үшін үкіметке отандық бизнеспен барынша бірлесіп жұмыс істеу керек», деді Ж.Айжанова.