Қазақстандық тауарлар үшін бірыңғай логотипке жарияланған конкурс жалғасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конкурстық комиссияның қарауына айырым белгілерінің 100 өтінімі келіп түсті және осымен шектелмек емес, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі («NADLoC» АҚ).
Естеріңізге сала кетсек, осыдан бұрын тауар өндірушілер үшін сүйеніш болуы тиіс, өнімнің танымалдылығын арттыра түсетін Қазақстандық логотип әзірлеуге конкурс жарияланған болатын.
«Сәтті және есте қаларлық логотиптің болуы - компания табысының негізі болып табылады. Ең алдымен, логотип - нарықта жайғасудың бірегей құралы. Тұтынушы кез-келген жағдайда көру бейнесін есте сақтайды, сондықтан біз қазақстандық өндірушілердің елімізде және елімізден тыс мемлекеттерде танылатын бірыңғай эмблемасы болғанын қалаймыз», - деді Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі төрағасы Қ. Бектұрғанов.
Бірыңғай белгіні ендіру тәжірибесі көп елдерде бар. Мысалға, Австралияда Үкіметтің тапсырмасымен маркетингке, жарнамаға, тұтынушыларды заңгерлік қолдауға, оларға кеңес беруге, сатылымдарды зерттеуге, талдауға және брендтердің жылжуына екпін жасайтын «Австралияда жасалған» сауда маркасы қолданылады. Аргентинада елдің логотипі екі жыл бойы бірлескен жұмыс нәтижесінде жасалған, ол жұмысқа қоғамның әртүрлі сала өкілдері қатысқан - ресми орталар (дәлірек, туризм және бұқаралық коммуникация құралдары бойынша хатшылықтар), қауымдастықтар, жеке компаниялар. Польшалық экономиканың қарқынды және заманауи имиджі ұлттық логотипті жасау үшін тендер белгіледі, оны елдің ішінде және шет елдерде кеңінен қолдануға болар еді.
«NADLoC» АҚ мәліметтері бойынша, өтінімдер Қазақстанның барлық түкпірінен, жеке тұлғалармен қоса, заңды тұлғалардан да келіп түсуде, конкурс 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады, толық ақпарат www.nadloc.kz сайтында.