Қазақстандық телеарналардың бағдарламалық контентінің 70 пайызы шетелдік өнімдер - 31 телеарнаның бас директоры

АЛМАТЫ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Телевидениеде отандық өнімнің дамуы үшін жағдай жасау керек. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда сөз болды.

Қазақстандық телеарналардың бағдарламалық контентінің 70 пайызы шетелдік өнімдер - 31 телеарнаның бас директоры

«Қазақстандық телеарналардың бағдарламалық контентінің 70 пайызы шетелдік өнімдер. Отандық өнімді ұлғайту үшін бірнеше телеарна бірлесіп ұсыныс жасап отырмыз. Жеке телеарналарды және продюсерлік компанияларды қосымша құн салығынан, сондай-ақ олар мемлекеттік тілде өнім шығарса, 50 пайызға салықтан босатса деп ұсыныс жасап отырмыз», - дейді 31 телеарнаның бас директоры Бағдат Қожахметов. Оның айтуынша, отандық өнімді дамытуда шет елдердің тәжірибесін ескерген жөн. Мәселен Украинада 3 жылға дейін заңды түрде ресейлік телеарналарды таратуға тыйым салынған. Соның нәтижесінде жаңадан он шақты телеарналар қалыптасты. Ал 2 жылдан кейін жергілікті телеарналарда Ресейдің ОРТ  сияқты магнаттарымен бәсекеге түсу мүмкіншілігі пайда болды. Онда сонымен қатар кино айналымының 5 пайызы арнайы қорға жинақталып, авторлық киноның дамуына бөлінуде.