Қазақстандық телеэкранға бірегей Мойнақ ГЭС-і жайлы түсірілген отбасылық кинолента эфирге шығады
"Жарық" - көрермендерді көптеген эмоциялар күтетін көңілді отбасылық сага. Қызық сюжетті хикая кейіпкерлері бір-біріне ғашық болып, аяқ асты ажырасады, жақындарын тауып, енді бірде іздеу салып жатады, бірге әр түрлі тосқауылдардан қашып жатады. "Жарық" оқиғалары "жоғары кернеу аймағында" - бірегей Мойнақ ГЭС-і айналасында өрбитін болады.
"Сіз гидроэлектростансада болып көрдіңіз бе? Міне күш қайда жатыр! Міне мінез қайда!, - түсірілімнің процесін режиссер Бақтияр Сейітқазиев осылай сипаттайды. - Хикая сюжетіне арналған тағы бір керемет сыйлық - Мойнақ ГЭС-і орналасқан жер: Шарын өзені және Шарын шатқалдары Қазақстан маржандары болып табылады ғой. Бұл жерлерге 12 миллионға жуық жыл болды емес пе! Біз осы жерлерде жасаған сұлу да табиғи түсірілімдер мені суретші ретінде қатты тамсандырғаны рас".
Драма және мелодрама жанрында кино түсіретін Қырғызстанның режиссері Бақтияр Сейітқазиев - өнердегі жолын енді бастап келе жатқан жас маман емес. Оның Қазақстан көрермендерінің шексіз қызығушылығын тудырған бірнеше хикаялар, қысқаметражды ленталар түсірген. "Жарық" көркем телехикаясының әзірлеушілері осы хикая да "Қазақстан" телеарнасының көрермендерінің көңілінен шығатынына сенімді.
"Жарық" телехикаясы "Қазақстан" телеарнасының эфирінде 31 тамызда басталады. Көрермендерді толғандыратын әрекеттерден тұратын 24 эпизод күтіп тұрғанын естеріңізге саламыз. Сонымен бірге, "Қазақстан" РТРК алдағы маусымда аудиторияны таңғалдыруға және таңдандыратын тағы да көптеген хикаялар мен ғажап жобаларды әзірлеу үстінде.