Қазақстандық телехикаялар Түркияда көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының танымал телехикаялары Түркияда көрсетіледі.

Қазақстандық телехикаялар Түркияда көрсетіледі

Телеарнаның хабарлауынша, «Сырғалым», «Әке серті», «Ұлжан» және «Ағайындылар» туындыларын түрік тіліне дубляж жасауда осы елдегі Қазақстан елшілігі көмек көрсеткен. Түркия телерадиокорпорациясының басшылығымен кездескен елші Жансейіт Түймебаев оларға ортақ қазақ-түрік телехикаясын түсіру туралы ұсыныс жасады. Түрік тарапы мұны қолдап, жан-жақты көмек көрсетуге әзір екендерін жеткізді. Бұған дейін де Түркияның басты телеарналарында «Балалық шағымның аспаны», «Жаужүрек мыңбала» сияқты туындылар көрсетілген болатын.