Қазақстандық телережиссер Рубикжан Яхин көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық телевизия саласының ардагері телережиссер Рубикжан Яхин 59 жасында көз жұмды, деп хабарлайды «Қазмедиа орталығы» сайтында.
Өмірінің соңына дейін Рубикжан Хайрысұлы «KAZsport» арнасының бас режиссері қызметінде болған. Көп жылдар бойы «Қазақстан», «Хабар» және «Жетісу» арналарында еңбек еткен.
Телережиссер Қазақстандағы спорт журналистикасының дамуына көп үлес қосты. Көптеген спорттық бағдарламалар редакцияларымен жұмыс жасаған. Ол 1986 жылы желтоқсанда Алматыда болған оқиғаларды өз басын қатерге тігіп бейнекамераға түсірген.