Қазақстандық теннисші А.Данилина ITF сериясындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші А.Данилина Қазан қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын ITF сериясындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші А.Данилина ITF сериясындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Бұл жайында sports.kz сайты Халықаралық теннис қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Кеше турнирдің екінші айналымында ресейлік Марта Сироткинаға қарсы ойнаған жерлесіміз 1:6, 7:5, 7:5 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда А.Данилина украиндық спортшы Валентина Иваченкоға қарсы шығады.