Қазақстандық теннисші А. Голубев Вашингтон турнирінен шығып қалды
АСТАНА. Тaмыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев Вашингтонда теннистен өтіп жатқан АТР турнирінің ширек финалына шыға алмай қалды. Чемпионаттың үшінші айналымында Андрей чехиялық Томаш Бердыхтан жеңіліп қалды. Кездесудің қорытындысы 3:6, 7:5, 5:7 есебімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Андрей Голубев үздік теннисшілердің АТР рейтингінде 37-ші орында тұр. Вашингтондағы ойыны үшін ол 45 рейтингілі ұпайға және 13,980 доллар жүлдеге ие болды.
Вашингтон турнирінің биылғы жүлделік қоры 1 миллионнан астам АҚШ долларын құрайды.