Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов АҚШ-та жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ашық чемпионаттың екінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясы сайтына сілтеме жасап.
None
None

Бастапқы матчта Тимофей Скатов екі сетте 6:2,6:4 есебімен америкалық Мартин Дамды жеңді. 

US Oрen жасөспірімдер жарысының 1/8 финалына шығу үшін Т.Скатов Джулио Зеппиери (Италия) - Харольд Майот (Франция) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Айта кетерлігі, қазақстандық Достанбек Тасболатов осы жарыстың бірінші айналымында қарсыласына есе жіберді. Ол 3:6,5:7 есебімен турнирдің екінші ракеткасы аргентиналық Себастьян Баездан ұтылды.


Фото: Zimbio.com

Соңғы жаңалықтар