Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 44-орнында қалса, Михаил Кукушкин 221-ден 214-ке, Дмитрий Попко 227-ден 219-ға көтерілді.

Сондай-ақ Тимофей Скатов 243-тен 242-ге, Денис Евсеев 265-тен 263-ке жоғарылады.

Өткен аптада Ыстанбұл челленджер турнирінде табысты өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жеткен Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жукаев 357-ден бірден 323-орынға секірді. Бұл – оның әлемдік рейтингідегі жеке рекорды.

Жұптық сында Андрей Голубев 50-інші, Александр Недовесов 59-ыншы, А.Бублик 159-ыншы, Григорий Ломакин 204-орында келеді.

Осы аптада Александр Бублик жекелей сында Метц (Франция) ATP 250 жарысында өнер көрсетеді. Доданың 7-ракеткасы болып тіркелген оның қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның биылғы бесінші титулына қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Словениядағы турнирдің финалында ұтылып қалды.

Теннистен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы соңғы матчын өткізді.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 22-орынға көтерілді.







Соңғы жаңалықтар