Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 39-орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) әлемдік рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтингте қазақстандық Кирилл Герасименко бірнеше сатыға жоғарылаған, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 39-орынға көтерілді

Герасименко бұл күндері Мумбаи қаласының UMumba TT клубы сапында сынға түсуде.

Үндістан лигасында сәтті өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз 45-сатыдан 39-орынға көтерілген. Қазақстандық спортшы бірнеше халықаралық турнирге қатысады. Бұл оның ITTF рейтингіндегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек.