Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Австралиядағы «Челленджерде» жұптық бәсекеде жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хэппи Вэллиде (Австрадия) жүлде қоры 75 мың долларды құраған теннистік «Челленджер» аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Австралиядағы «Челленджерде» жұптық бәсекеде  жеңімпаз атанды

Жұптық жарыстардың финалында Андрей Голубев (Қазақстан) мен Маттео Донатидің (Италия) жұбы 1 сағат, 18 минуттың ішінде супер тай-брейкте басқа халықаралық жұп - тағы бір қазақстандық Александр Недовесов пен Украина спортшысы Денис Молчановтан басым түсті, ойын есебі - 3:6, 7:6 (5), 10:1.