Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Германияда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды
АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан мәртебелі German Open Tennis Championships турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық спортшы ширек финалда өзбекстандық Денис Истоминді 6:4, 6:1 есебімен ұтқан болатын. Ал жартылай финалда ол неміс Флориан Майермен кездеседі.
Айта кетейік, ағымдағы жылы аталған турнирдің жүлде қоры 1 миллион еуродан асып жығылады.