Қазақстандық теннисші Австрияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің щирек финалына шықты

АЛМАТЫ. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық теннисші Австрияның Бад-Гаштайн қаласында әйелдер арасында  өтіп жатқан WTA сериясындағы халықаралық "Nurnberger Gastein Ladies" турнирінің щирек финалына шықты,

Қазақстандық теннисші Австрияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің щирек финалына шықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыста жекелей сында  ұлттық рейтингте алғашқы сатыда тұрған Ярослава Шведова  бірінші айналымда словак Ленке Юрикованы 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірген болатын.  8/1 финалда израильдік Шахар Пеэрді ( 6:2, 6:1) ұтты. Ширек финалда ол енді  австриялық Ивонн Мюсбургермен кездеседі.    Ивонн Мюсбургер бұған дейін германиялық Татьяна Малектен 6:2, 2:6, 6:4 есебімен басым түскен еді.

 Бұл дүбірлі додада қазақстандық теннисші жұптасып өнер көрсетуде алғашқы айналымда сүрінді. Түркиялық Ипек Сеноглумен жұп құраған Ярослава Шведова германиялық Татьяна Малек пен Андреа Петковичке (6:4, 5:7, 6:10) есе жіберді.