Қазақстандық теннисші «Barcelona ladies Open» теннис турнирінің екінші айналымына шықты

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ярослава Шведова Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан «Barcelona ladies Open» халықаралық турнирінде жекелей сында негізгі кестенің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші  «Barcelona ladies Open» теннис турнирінің екінші айналымына шықты

ҚР Теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, WTA рейтингінде 51-сатыда тұрған қазақстандық алғашқы айналымда 147-орында келе жатқан тайпейлік Кай-Чен Чангты 6:3, 2:6, 6:2 есебімен ұтты. Ұлттық рейтингтік көшбасшысы Я. Шведованың екінші айналымдағы қарсыласы енді италияндық Роберта Винчи болмақ. Әлемдік рейтингте бұл спортшы 42-сатыда тұр. Ол бұған дейін испандық Сильву Солер Эспинозудан 6:2, 6:3 есебімен басым түскен болатын.