Қазақстандық теннисші Белгияда өтіп жатқан
АЛМАТЫ. 29 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық Елена Немчен Бельгияның Маласейк қаласында өтіп жатқан Халықаралық теннис федерациясының күнтізбесіндегі жасөспірімдер арасындағы "Junior open" халықаралық турнирінің ақтық сынына шықты.
ҚР Тенис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, Немчен жартылай сында ресейлік Анна Яковлеваны (6:0, 6:4), ширек финалда германиялық Каролин Убелхоирді (6:0,6:3), ал 3-кезеңде тағы бір неміс қызы Юлию Краллды (6:4,6:0) 2:0 есебімен қапы қалдырды. «Теam Kazakhstan» академиясының тәлімгері оған дейін 2-айналымда марокколық Интиссар Рассифті, 1-айналымда бельгиялық Наоми Ван Хейдонды жарыс жолынан шығарған болатын.