Қазақстандық теннисші Бублик АҚШ-та өткен турнирде жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тың Аптос қаласында өткен «Челленджер» сериясы турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Шешуші матчта Бублик британдық Лиама Бродидан екі сетте 6:2, 6:3. есебімен басым түсті.