11:38, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Челенджер сериясындағы турнирде сәтті ойнауда
АЛМАТЫ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теннистен Словакияның Трнаве қаласында өтіп жатқан Челенджер сериясындағы халықаралық турнирде кеше жерлесіміз Юрий Щукин жекелей сында екінші айналымға, ал жұптық ойында ширек финалға жолдама алды

Ол алғашқы айналымда жекелей сында польяк Мартин Гауранды 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Келесі айналымда енді молдован Раду Альберт пен неміс Александр Флок арасындағы ойынның жеңімпазымен кездесуі керек.
Жұптық ойында Юрий Щукин чех Душан Лойдамен бірге өнер көрсетуде. Олар чех Давид Скош пен австралиялық Адам Фанайдің жұбын 4:6, 6:2, 10:5 есебімен қапы қалдырды. Енді олар ширек финалда испандық Джерард Граноллерс пен Пуйоль/Джильермо Оласомен бақ сынасады..