Қазақстандық теннисші Франция турнирінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Контрексвил теннис кортында үшінші айналымның матчтары өтті.

Қазақстандық теннисші Франция турнирінің жартылай финалына шықты

Бұл туралы Спорт.кз хабарлайды.

Жарыстың ширек финалында әлемдік рейтингте 95-сатыда тұрған қазақстандық 20 жастағы теннисші Юлия Путинцева әлемнің 191-ракеткасы румыниялық Сорано-Михаэла Кирстяны 7/5, 6/2 есебімен тізе бүктірді.

Финалдық сынға жолдама алу үшін жерлесіміз черногориялық Данка Ковиничтен айласын асыру керек. Ол әлемнің 92-ракеткасы саналады.