Қазақстандық теннисші Г.Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің ширек финалында сүрінді

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 2 миллион доллардан асатын Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің ширек финалында ұтылып қалды.

Қазақстандық теннисші Г.Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің ширек финалында сүрінді

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ширек финалдық ойында Г.Воскобоева 2 сетте 6:1, 6:2 есебімен беларусь теннисшісі Виктория Азаренкоға есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы айналымда қазақстандық теннисші әлемнің үздік 10 теннисшісі қатарына кіретін француз Марион Бартолиді 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын. Екінші айналымда итальяндық Флавия Пеннеттамен қарсылас болған қазақстандық спортшы бірінші сетте 2:6 есебімен ұтылып қалған еді. Дегенмен екінші сетте жинақылық танытқан Г.Воскобоева қарсыласын 6:3 есебімен тізе бүктірді. Соңғы сәт те біздің спортшының айқын басымдылығымен аяқталды, есеп 6:2. Ал қазақстандық теннисші үшінші айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 5-ші ракеткасы Марина Шарпованы 6:3, 7:5 есебімен ұтқан болатын.