Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева АҚШ-та топ жарды

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева АҚШ елінде өткен WTA 2013 U.S. National Indoor Tennis Championships турнирінің жұптық бәсекесін ұтып алды.

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева АҚШ-та топ жарды

Франциялық теннисші Кристина Младеновичпен жұп құраған теннисшіміз финалда швециялық одақ Йоханна Ларссон пен София Арвидссонды ұтты - 7:6 (7:5), 6:3.

Бұл Воскобоеваның спорттық жолындағы төртінші жеңісі (жұптық сындарда), деп хабарлайды «Аламан».