Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Casablanka ITF турнирінің ширек финалына шықты
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Мароккода қыздар арасында өтіп жатқан жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын Casablanka ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Теннис федерциясының баспасөз қызметінен.
Федерацияның атап өтуінше, екінші айналымда қазақстандық спортшы франциялық Кристина Младеновичті 7:5, 6:4 есебімен ұтты.
Г.Воскобоева жартылай финалға шығу үшін румыниялық Александра Кадантуге қарсы ойнайды.