Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Hansol Korea Open халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайтын Hansol Korea Open халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
None
None

Сеулде өтіп жатқан турнирдің ширек финалдық кездесуінде бүгін Г. Воскобоева ресейлік Вера Душевинадан 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Бұның алдында аталған теннисшілер бір-бірімен бес мәрте кездескен. Алайда Воскобоева оның тек біреуінде, 2009 жылы Майами турнирінде жеңген болатын.

Енді жартылай финалдағы жерлесіміздің келесі қарсыласы словениялық Полона Херцог атанады.

Воскобоева ширек финалдағы жеңісінің арқасында өзіне турнирдің 10 200 АҚШ доллар сыйақысы мен WTA рейтингісінде 130 ұпайын қамтамасыз етті.

Соңғы жаңалықтар