Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Мароккода өткен ITF Casablanka турнирінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Мароккода өткен ITF Casablanka турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
None
None

WTA рейтингі бойынша әзірге 326-шы орында тұрған Г.Воскобоева жүлделік қоры 25 мың долларды құрайтын халықаралық турнирде жеке разряд бойынша жеңіске жетті.

Финалда Галина босниялық Мервана Джугич-Салкисті 6:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, бас жүлдені иеленді.

Соңғы жаңалықтар