Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің екінші айналымына шықты

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 2 миллион доллардан асатын Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің екінші айналымына шықты

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші француздық Марион Бартолиді 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Оның келесі айналымдағы қарсыласы итальяндық Флавия Пеннетта мен ресейдік Мария Кириленконың ойындарынан кейін белгілі болады.