Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 2 миллион доллардан асатын Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің ширек финалына шықты

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 5-ші ракеткасы Марина Шарпованы 6:3, 7:5 есебімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы айналымда қазақстандық теннисші әлемнің үздік 10 теннисшісі қатарына кіретін француздық Марион Бартолиді 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Ал екінші айналымда итальяндық Флавия Пеннеттамен қарсылас болған қазақстандық спортшы бірінші сетте 2:6 есебімен ұтылып қалған болатын. Дегенмен екінші сетте жинақылық танытқан Г.Воскобоева қарсыласын 6:3 есебімен тізе бүктірді. Соңғы сәт те біздің спортшының айқын басымдылығымен аяқталды, есеп 6:2.