Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Тайланда өтіп жатқан PTT Pattaya Open турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Тайланда өтіп жатқан PTT Pattaya Open турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Тайланда өтіп жатқан PTT Pattaya Open  турнирінің ширек финалына шықты

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. 2 сағат 40 минутқа созылған тартысты ойын барысында жерлесіміз WTA рейтингінде 25 орында тұрған ресейлік спортшы Марья Кириленконы 1:6,7:5,6:4 есебімен ұтты.

Енді жартылай финалға жолдама алу үшін қазақстандық спортшы итальяндық Сара Эррани мен немесе жапондық Аюми Моритамен ойнайды.