Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Тайландағы PTT Pattaya Open турнирінің екінші айналымына шықты

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат -Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Тайланда өтіп жатқан PTT Pattaya Open турниріндегі бірінші матчта итальяндық спортшы Ромино Опрандиды 4:6,6:3,7:5 есебімен жеңіп,
None
None

негізгі ойынның екінші айналымына жолдама алды. Бұл туралы ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін жерлесіміз ресейлік спортшы Марья Кириленкомен сайысқа шығады.

Ал Қазақстанның тағы бір өкілі Зарина Диас PTT Pattaya Open турнирінің алғашқы айналымында тайландық теннисші Нунгнаде Ваннасуктан 4:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Соңғы жаңалықтар