Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Евгений Королев жүлде қоры 85 мың еуроны құрайтын Грекияда өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды

«Қазақстандық теннисші екінші айналымда словакиялық Карол Бекті 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Енді ол ширек финалда ресейлік Дмитрий Турсуновқа қарсы ойнайды», - делінген Федерация ақпаратында.