Қазақстандық теннисші Хорватиядағы ITF турнирінің ширек финалында өнер көрсетуде
АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Галина Воскобоева Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Халықаралық теннис федерациясы (ITF) турнирінің щирек финалында жекелей сында бақ сынауда.
Әйелдер арасындағы бұл дүбірлі доданың жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайды. Бүкіләлемдік теннис қауымдастығының рейтингінде 294-ші сатыда тұрған Галина алғашқы айналымда румыниялық Елена Богданды (6:4, 6:3), екінші айналымда венгриялық Каталин Маросиді (6:1, 6:1) жеңген болатын. Енді ширек сында ол словакиялық Лена Юрикова мен словениялық Настя Колар арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеспек.