Қазақстандық теннисші Испаниядағы жарыстың жартылай финалына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы - бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Мадрид қаласында өтіп жатқан ITF W60 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен ресейлік Анастасия Тихонова ширек финалда болгариялықтар Алекса және Лия Каратанчевалармен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

А.Данилина мен А.Тихонова финалға шығу үшін доданың 4-ракеткалары, мажарстандық Тимея Бабош – ресейлік Валерия Савиныхпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Мадрид турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар